Uluslararası
Genç Araştırmacılar
Kongresi - III

19-21 Маусым 2023

Құрметті әріптестер,

Cіздерді 2023 жылдың 19-21 маусымы аралығында Гази университетінің педагогикалық ғылымдар институтында өтетін онлайн Халықаралық жас зерттеушілер конгресіне (GÜGAK-2023) шақырамыз. Гази Университеті Педагогикалық ғылымдар институтының ұйымдастыруымен өтетін «Халықаралық жас зерттеушілер конгресі» - Гази университетінің қашықтықтан білім беруді қолдану және зерттеу орталығы мен Білім беру факультетінің қатысуымен, Педагогикалық ғылымдар институты тарапынан ұйымдастырылып отырған халықаралық конгресс. Конгресстің негізгі тақырыбы – «Білім беру саласындағы зерттеулер». Халықаралық жас зерттеушілер конгресі – әртүрлі елдердің бакалавриат, магистратура және докторантура деңгейіндегі білім алушылар үшін тәжірибелерімен және ғылыми жұмыстарымен бөлісу, сондай-ақ ынтымақтастық пен байланыс орнату, жаңа перспективалар мен зерттеу бағыттарын кеңейту мүмкіндігін ұсынады. Сіздің осы конгреске қатысуыңыз біз үшін өте құнды. Сондай-ақ бұл конгресс зерттеулеріңіз бен жаңалықтарыңызбен бөлісетін тиімді форум болатынына толық сенеміз. Сіздерді онлайн конгресімізге қатысуға шақырамыз!

Проф., доктор Южел Гелишли.
Педагогикалық ғылымдар институтының директоры.

Конгресстің бағыттар
  • Білім беруді басқару.
  • Білім беру бағдарламалары және оқыту.
  • Білім берудегі бағалау және өлшеу.
  • Мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру.
  • Психологиялық кеңес беру.
  • Бастауыш сынып мұғалімін даярлау.
  • Дефектология.
  • Қашықтықтан оқыту.
  • Түрік тілін шет тілі ретінде оқыту.
  • Шетелдегі түрік балаларына түрік тілін үйрету.
  • Қоғамдық білімдерді оқыту.
  • Тарих пәні мұғалімін даярлау.
  • Түрік тілі мен әдебиет пәні мұғалімін даярлау.
  • Философияны оқыту.
  • Физика пәні мұғалімін даярлау.
  • Француз тілін оқыту.
  • Ағылшын тілін оқыту.
  • Неміс тілін оқыту.
  • Араб тілін оқыту.
  • Химия пәні мұғалімін даярлау.
  • Математика пәні мұғалімін даярлау.
  • Музыканы оқыту.
  • Дене шынықтыру және спорт.
  • Компьютерлік білім беру және оқыту технологиясы.
  • Биология пәні мұғалімін даярлау.
  • География пәні мұғалімін даярлау.
  • Драма және білім.
  • Білім беру философиясы.
  • Білім беру социологиясы.
  • Білім беру тарихы.