Бір автор тарапынан дайындалған тезис және мақаланы қабылдау процестері сол автормен, ал бірлескен, яғни ұжымдық авторлықпен дайындалған тезис және мақаланы қабылдау процесі жауапты автормен жүргізілетін болады. Автор немесе жауапты автор хатты конгреске жіберуге, редакциялаудан кейін басқа қосымша авторларға қабылдау процесі туралы хабарлауға және қабылданған жағдайда қосымша авторларды тіркеуге жауапты. Ұжымдық жұмыста кем дегенде бір автор магистрант немесе докторант болуы керек.
Конгресске аяқталған ғылыми жұмыстардан басқа, әлі де аяқталмаған жұмыстарды түйіндеме ретінде жіберуге болады. Алайда ол жұмыс, яғни зерттеу толық мақала мәтіні конгресте ұсынылғанға дейін аяқталуы тиіс. Конгреске жіберілетін барлық тезистер төменде көрсетілген шаблонға сәйкес жазылуы қажет.
шаблон үшін басыңыз
Конгреске мақала және баяндама дайындау тілі - түрік, ағылшын, қазақ, қырғыз және өзбек тілдері.
Шаблонға сәйкес дайындалған тезистер gencarastirmacilar@gazi.edu.tr электронды поштасына жіберуіңізді сұраймыз.
Тезистер кітабыХалықаралық жас зерттеушілер конгресінің тезистері тақырыптарына сәйкес санатталады және конгресс алдында «Тезистердің электронды кітабында» жарияланады. Сонымен қатар, конгресстен кейін мақалалар толық мәтінге айналдырылады және авторлардың қалауы бойынша «Толық мәтінді электронды кітапта» жарияланады.
Тіркеу және төлемКонгреске тіркелу ақысы* | |
1-ші тезис | 250 түрік лирасы |
2-ші тезис | 250 түрік лирасы |
Тыңдаушы ** | Тегін |
* Бір тезисте екі автордан артық болмауы тиіс. Бір автор ең көп екі тезиспен қатыса алады. Қатысу ақысы әр тезис үшін төленеді. Қатысушы сертификаттары жұмыстың барлық авторларына беріледі. Тыңдаушылар үшін конгресстегі барлық іс-шараларға қатысу тегін. Тыңдаушылар үшін сертификаттар берілмейді. |
Конгреске қатысудан бас тартқан зерттеушілер конгресс бағдарламасы жарияланғанға дейін тіркеуден бас тартуы керек. Бұл жағдайда тіркеу төлемдері зерттеушілерге қайтарылады. Бағдарлама жарияланғаннан кейін тіркеуден бас тарту жағдайында ақшаны қайтару мүмкін емес.