Genç
Araştırmacılar
Kongresi

28-30 Маусым 2021

Құрметті әріптестер,

Сіздерді 2021 жылдың 28-30 Маусым аралығында онлайн форматта өтетін Гази Университетінің Педагогикалық ғылымдар институты тарапынан ұйымдастырылып жатқан «Халықаралық Жас Зерттеушілер Конгрессіне» (GÜGAK-2021) шақырамыз. Гази Университеті Педагогикалық ғылымдар институтының ұйымдастыруымен өтетін «Халықаралық жас зерттеушілер конгрессі» - Гази университетінің қашықтықтан білім беруді қолдану және зерттеу орталығы мен Білім беру факультетінің қатысумен, Педагогикалық ғылымдар институты тарапынан ұйымдастырылып отырған халықаралық конгресс. Конгресстің негізгі тақырыбы «Білім берудегі зерттеулер». Халықаралық жас зерттеушілер конгрессі - әр түрлі елдерден жиналған магистранттар мен докторанттардың бір-бірімен тәжірибелері мен ғылыми зерттеу жұмыстарымен бөлісуге, сондай-ақ ынтымақтастық пен байланыс ортануға және жаңа перспективалар мен зерттеу өрістерін кеңейтуге мүмкіндік береді. Біз үшін сіздердің бұл конгресске қатысуларыңыз аса құнды болып табылады. Сонымен қатар бұл конресс сіздер үшін де зерттеулеріңіз бен жаңалықтарыңызды бөлісу үшін тиімді пікір алмасу ортасы болатынына сенімдіміз. Сіздерді онлайн-конгрессімізге қатысуға шақырамыз!

Проф., доктор Южел Гелишли.
Педагогикалық ғылымдар институтының директоры.

Конгресстің бағыттар
  • Білім беруді басқару.
  • Білім беру бағдарламалары және оқыту.
  • Білім берудегі бағалау және өлшеу.
  • Мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру.
  • Психологиялық кеңес беру.
  • Бастауыш сынып мұғалімін даярлау.
  • Дефектология.
  • Қашықтықтан оқыту.
  • Түрік тілін шет тілі ретінде оқыту.
  • Шетелдегі түрік балаларына түрік тілін үйрету.
  • Қоғамдық білімдерді оқыту.
  • Тарих пәні мұғалімін даярлау.
  • Түрік тілі мен әдебиет пәні мұғалімін даярлау.
  • Философияны оқыту.
  • Физика пәні мұғалімін даярлау.
  • Француз тілін оқыту.
  • Ағылшын тілін оқыту.
  • Неміс тілін оқыту.
  • Араб тілін оқыту.
  • Химия пәні мұғалімін даярлау.
  • Математика пәні мұғалімін даярлау.
  • Музыканы оқыту.
  • Дене шынықтыру және спорт.
  • Компьютерлік білім беру және оқыту технологиясы.
  • Биология пәні мұғалімін даярлау.
  • География пәні мұғалімін даярлау.
  • Драма және білім.
  • Білім беру философиясы.
  • Білім беру социологиясы.
  • Білім беру тарихы.